«Сіз өкпеңізге қауіп төндіресіз»

07.03.2025

Темекі шегудің зияны туралы алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында Ж. Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен «Сіз өкпеңізге қауіп төндіресіз» атты медиалық дәріс өтті. Іс-шараның мақсаты – темекі шегу адамның денсаулығына үлкен қауіп төндіретін зиянды әдеттердің бірі екенін түсіндіру. Шара барысында колледждегі темекі шегу мәселесі мен оны шешу жолдары талқыланды. Әңгіме барысында студенттер темекі шегудің тек шылымқордың өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да тигізетін зиянды әсері туралы ой қозғады. Бұл дәріс профилактикалық сипатта болды және студенттерге никотин құрамындағы заттардың зияны туралы тағы бір мәрте еске салуды көздеді. Қатысушылардың назарына «Темекі туралы шындық және оны тастау жолдары», сондай-ақ «Қазіргі заманғы темекілер неден жасалады?» атты ғылыми фильмдер ұсынылды. Бұл видеоматериалдар темекі шегудің тарихы мен оның денсаулыққа зияны туралы маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттерге «Абайлаңыз! Пассивті темекі шегу» атты ақпараттық буклеттер таратылды. Іс-шара соңында «Темекіге – ЖОҚ!» атты ойын-викторина ұйымдастырылды. Студенттер викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап беріп, дұрыс жауап бергендерге «Шылым орнына кәмпит» сыйлық ретінде ұсынылды. Қорытынды сөзінде әлеуметтік педагог жасөспірімдерге әрдайым «Мен темекі шекпеймін! Бұл маған ұнайды!» деп айтуға шақырды. Себебі темекіден бас тарту – әр адамның денсаулығы үшін маңызды қадам!



Текст
Виртуальная приемная